Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті базасында Бірыңғай автоматтандырылыған  жүйе туралы

            Университеттің кешенді стратегиялық жоспары мен Өкілетті Кеңестің  автоматтандырылған жүйенің қосылуы туралы шешімдеріне сәйкес, университеттің барлық құрылымдарын автоматтандыру мақсатында “Бірыңғай автоматтандырылыған  жүйе” құру қазіргі заманның талабы.

“Бірыңғай автоматтандырылыған  жүйе” құрудың негізгі стратегиялық мақсаттары ретінде мыналарды атап көрсетуге болады:

1.      Білім беруде түлектерді дайындау шараларының сапасын арттыру, білім беру қызметі нарығында университет рейтингін өсіру, университет студенттері мен түлектерін барлық оқу және ғылыми шаралардың ақпараттану есебінен тұтастық пен бәсекеге қабілеттіліктің жаңа деңгейіне қол жеткізу.

2.      Оқу процесінде түрлі электронды ақпараттық ресурстары негізінде инновациялық және ұзақтан оқыту технологияларын енгізу. Бұл арқылы оқытушы-профессорлар құрамы қызметінің өнімділігін арттыруда және студенттердің аудиторияда немесе өзіндік жұмыс жасауда, шеберлікті және дағдыны тиімді меңгерудің  жетістіктеріне жетуді едәуір арттырады.

3.      Түлектердің білім сапасын белгілейтін компьютерлік тестілеу жүйесін енгізу, университетте озық сапа менеджмент жүйесін қалыптастыру.

4.      Негізгі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің сапасы мен тиімділік деңгейін арттыру, барлық ғылыми зерттеу кезеңдерінде ақпараттық технологияларды енгізу негізінде шаруашылық келісім қызметін кеңейту, ғылыми-басылымдық, нормативтік-әдістемелік құжаттар мен анықтама кітапшаларының электронды нұсқаларына қол жеткізуді ұйымдастыру.

5.      Университетті тиімді басқарудың жүйесін құру, есеп пен түгендеу, жылдамдықты арттыру, басқаруда сапалы шешім қабылдау және олардың орындалуын бақылауды жетілдіру.

    

“Бірыңғай автоматтандырылыған  жүйе” құрудың негізгі бағыттары:

- университет корпоративтік желісі;

          -Ақпараттық коммуникациялық технологияларды білім беру мен                     тәрбиелеу үдерісіне кеңінен енгізу;

            -Ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолдана отырып, ұзақтан білім беруді дамыту;

            -ғылыми-зерттеу үдерісін ақпараттандыру;

          -Университетті жан-жақты қамтылған және бір платформаға негізделген басқарудың автоматты ақпараттық жүйесін жасау;

          -ұжымдық инфрақұрылымды құру және енгізу үдерісін құқықтық қамтамасыз ету;

    -оқытушы-профессорлар құрамы мен оқытушы-көмекші қызметкерлер біліктілігін арттыру  және оқыту іс-шараларын жүргізу;

    -университеттің бірыңғай ақпараттық кеңістігін әлемдік ЖОО жүйесімен біріктіру;

            “Бірыңғай автоматтандырылыған  жүйе” құру басшылық пен бөлім қызметкерлері алдына университет қызметінде сапалы өзгерістерді іске асыруда жаңа тапсырмалар мен шешімдерін көрсетіп берді.

- біріншіден – бұл ЖОО-дағы жалпы барлық жүйелердегі үдерістерді реинжиниринг жасау;

- екіншіден – материалдық-техникалық базаны сапалы жаңарту;

- үшіншіден, қолданыстағы ақпараттық жүйелерді біріктіру;

- төртіншіден, тұтынушыларға электронды нұсқада  сапалы қызмет көрсету.

 

      ХҚТУ білім беру порталы оқу ордасындағы оқу үдерісін басқаруға, білім-ғылым, инновациялық қызметін ұйымдастыруға арналған, е-университет моделін жасауына және  жүйелі түрде дамуына ықпал етеді.

 

 

“Бірыңғай автоматтандырылыған  жүйе” құру бағдарламалық кешені

 

Білім беру порталы білім беру саласында заманауи ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды енгізудегі базалық құрылым болып табылады. Бұл портал университеттегі негізгі бизнес-процесстерді, басты ақпараттық ресурстар мен қызметті тиімді басқаруда аппаратық-бағдарламалық кешен болып саналады. Сонымен қатар, мұндай кешен біртұтас университеттегі оқу-ақпараттық кеңістікті жасауға мүмкіндік бере отырып, А.Ясауи атындағы ХҚТУ-і барлық қызметкерлерінің электронды өзара әрекеттерін жүзеге асырады.

Университет білім беру порталының негізгі міндеттері - жоғары білім беруді қолдаумен байланысты және білім берудің ақпараттық ортасы тұтастығының дамуына пайдалы ықпал ете алатын маңызды функциялармен толықтырылады. Порталдың білім беру мен техникалық саясаты және оның ағартушылық қызметі, ақпараттанудың әдістемелік пен технологиялық шешімдерін бірқалыпты енгізу үшін қолданылатын құралы болып саналады.

Шешім модульдер жиынтығы түрінде іске асырылады:

-                  тұтынушылардың оқу материалдары мен оқыту үдерісін  хаттамалауға қол жеткізуі;

-                  мамандықтың оқу жоспарына сәйкес логикалық жүйесін жылдамдату әрі икемді баптау;

-                  тұтынушыларды басқарудың біртұтас қызметін, жүйе элементтерінің аудиті мен мониторингі;

-                  электронды құжаттарда қолданылатын барлық форматтағы оқу материалдарының дайындалуы, құрылымдау, сақтау және көрсету;

-                  бір материалды түрлі оқу бағдарламаларында қолдануға мүмкіндік беретін тұтас дерекқордан көрсетілген форматтағы экспорт және импорт;

-                  сыртқы динамикалық  ақпарат көздерінің қосылуы.

 

ХҚТУ білім беру порталы – университетте білім алуға байланысты экономикалық, құқықтық және т.б. ерекшеліктерді негізге ала отырып, білім беру саласы мен ғылымда заманауи инновациялық технологияларды қолдануға мүмкіндік беретін оқу үдерісін ұйымдастыру және басқару жүйесі болып табылады. Университет туралы мәліметтерді Интернет желісінде ұсынатын бағыт ретінде Internet және Intranet технологияларын да тиімді қолдануға жол ашады.

Білім беру порталының іргетасы университетте жасалған “Бірыңғай автоматтандырылыған  жүйе” кешенді бағдарламасы болып табылады. Бұл оқу процесін жылдам басқару, студенттер үлгерімін бақылау, мемлекеттік стандарттарға сәйкес оқу жоспарларын жасау, оқу жүктемесін есептеу, ағымдағы қажетті есептік құжаттарды дайындау, талдау, ақпараттық сұраныстарды өңдеу, сабақ кестесін талдау және түзу сияқты негізгі функцияларды жүйелеуді қамтамасыз етеді.

“Бірыңғай автоматтандырылыған  жүйе” кешенінің бағдарламасы құрамына мына жүйелер кіреді:

«Кызметкерлер»     «Ғылыми-зерттеу жобалары»                     «Электронды іс-қағаздар»

«Студент»;              «Электронды пошта»                                      «Құрал-жабдықтар»

«Оқу құралы»;        «Электрондық кітапхана»                  «Қаржы және бухгалтерия»

«Тестілеу»;             «Бітіруші түлектер»                                         «Жатақхана»

«Оқу жоспары»;     «Ұзақтан оқыту технологиясы»                     «Асхана»

«Оқу қызметі»;       «Корпоративтік желі»                                     

«Сабақ кестесі».    «Куратор және жетекшілік.Электрондық журнал»    

 

Осы кешеннің математикалық қамсыздандырылуы тест материалдар сапасының бағалау жүйесі, аудитория санын тиімді пайдалану, білім беру траекторияларын қалыптастыру, құнды IT- ресурстарды тиімді пайдалану, оқытушы-профессорлардың ғылыми қызметін бағалау және т.б. модельдер көрсетіледі.

Университетте білім беру порталымен қатар әлемдік ақпараттық кеңістіктегі ақпараттық және таныстыру функциясын атқаратын университеттің ресми www.turkistan.kz  сайты жұмыс істейді.

Оқу процесіне байланысты мұндай архитектураның артықшылығы кешенді мәселелер бір ортада, бір платформада шешіледі:

-                  оқу жоспарына сәйкес мамандықтардың оқу-әдістемелік модульдары пәндеріне рұқсат (электрондық кітаптар, лекция курстары, оқу құралы, әдістемелік нұсқау, жұмыс бағдарламалары);

-                  оқу процесіне қатысушылардың арасында интерактивтік жүйе тұрғысында әрекеттестігін ұйымдастыру (электрондық жаңалықтар тақтасы, форум, теле-бейнеконференция, электрондық пошта);

-                  студенттер білімінің әр үлгідегі бақылауын іске асыру;

-                  оқу процесіне байланысты ақпараттарға рұқсат (нормативтік-анықтамалық мәліметтер, оқу жоспары, сабақ кестесі);

 

 

            ХҚТУ –да электрондық университеттің дамуының негізгі бағыттары оның жаңа ақпараттық технологиялар көмегімен коммуникациялық потенциалын дамыту болып табылады.

-                  Тегіс қамтылған Электронды білім контентін, университеттің білім ақпараттарының барлық түрлері мен формаларын ұсынуды қосу;

-                  Ақпараттардың барлық көздеріне жоғары жылдамдықта рұқсат;

-                  ХҚТУ-де ашық және қол жетерлік білім;

-                  ОПҚ-ның еңбек өнімділігін мен студенттердің аудиториялық  және дербес жұмыстарының нәтижелілігін арттыру;

-                  Университетті басқару жүйесінің нәтижелілігін көтеру.